Ұлттық қорға 10 айда қанша қаржы түсті?

Ұлттық қорға 10 айда қанша қаржы түсті?
Фото: ©️ Tengrinews.kz

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Данияр Вагапов он айда ел қорына қанша қаржы түскенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, Ұлттық қордың активтері жыл басынан 56,3 миллиард долларға дейін, яғни 1,1 пайызға өскен. Оған себеп - инвестициялық табыстың артуы.

"Ол жыл басынан 3,3 пайызға артып, 1,83 миллиард долларға жетті. Жыл басынан бері қорға түскен түсімдердің барлығы 3,6 триллион теңге болды. Ұлттық қордан республикалық бюджетке бөлінген трансферттер 3,7 триллион болды", - деді Данияр Вагапов.

Сондай-ақ, ол жылдық инфляция 10,8 пайызға дейін баяулағанын айтады.

"Дегенмен бағаның өсуі екі таңбалы мәнде қалып отыр. Айлық инфляция өткен айдың деңгейінен және таргет есебінен жоғары қалыптасып, 0,7 пайызға жетті. Бұл инфляцияға қарсы саясатты одан әрі жалғастыруды талап етеді", - деді Ұлттық банк басшысының орынбасары.

Еске салайық, бұған дейін ұлттық экономика министрі теңгенің келешегіне болжам жасады. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Қаржыгерлер күніне құттықтау-тілектер

Жасұлан Ордабаев

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz