СҚО-да коммерциялық ұйымның басшысына қатысты соталды тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет коммерциялық ұйымның басшысына қатысты соталды тергеуді аяқтағанын мәлімдеді.
"Ол Ұлттық қор қаражатынан жылыжай кешенін салу үшін жапырақты көкөністерді өсіру жөніндегі жабдықтарды сатып алуға бөлінген 840 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді", - деп жазылған хабарламада.
Айыпталушы сотқа тартылды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбады.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда Ұлттық қор қаржысы тексерілетіні хабарланды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!