- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұлттық қордан бөлінетін...
Ұлттық қордан бөлінетін ақша: Egov-та балаларыңыз көрінбей тұрса не істеу керек?
Бүгінгі таңда Egov электронды үкімет порталында дерекқорда тіркелген барлық балалар көрсетіледі. Бірақ кей жағдайда жеке кабинетте туған балаларыңыздың дерегі болмауы мүмкін. Мұндай жағдайда не істеу керек? "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ өкілдері түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Корпорация сәліметінше, сирек жағдайларда, цифрлық құжаттарда кейбір балалар ата-аналарда мүлдем көрсетілмеуі немесе қате көрсетілуі мүмкін. Дегенмен, бұл олардың төлемдерді алуына әсер етпейді және ата-ана мен бала арасындағы туыстық қарым-қатынас тек цифрлық құжаттарда анықталмағанын білдіреді. Қазақстан азаматы болып табылатын әрбір бала Egov порталында көрсетілген деректерге қарамастан Ұлттық қордан төлемдер алады.
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін "Баланы қосу" функциясы енді цифрлық құжаттар бөлімінде қолжетімді және бұл функцияны пайдалану үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1) eGov Mobile мобильді қосымшасын соңғы нұсқаға дейін жаңартыңыз.
2) Цифрлік құжаттардағы "Отбасы" бөліміне өтіп, "Баланы қосу" түймесін басыңыз.
3) Осыдан кейін "Балалар туралы ақпаратты жаңарту" қызметі ашылады, ондағы барлық жолдарды толтырып, туу туралы куәлікті тіркеп, өтініш беру қажет.
Өтініштерді АХАЖ қызметкерлері 2-ден 5 жұмыс күн ішінде қарастырады. Өңдеу аяқталғаннан кейін сіз хабарлама аласыз және бала жайлы ақпарат цифрлық құжаттарда пайда болады.
Осы қадамдарды орындау арқылы сіз eGov.kz және eGov mobile цифрлық құжаттарында балаңызбен туыстық қарым-қатынас орната аласыз.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина