- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұлттық қордан балаға...
Ұлттық қордан балаға түскен ақшаны қалай тексеруге болады?
Қаржы министрлігінің бюджеттік кредиттеу, ұлттық қор және қаржы секторы мәселелері жөніндегі өзара іс-қимыл департаментінің директоры Айбол Арғынғазин Ұлттық қордан балаға түскен ақшаны қайдан білуге болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Арынғазин ең алдымен, баланың құжаты дұрыс болуы керегін айтады. Оның сөзінше, ата-аналар әр деталіне ұқыппен қарауға тиіс. Ешбір бала Ұлттық қор қаражатынан шет қалмайды. Себебі, мәліметтер базасында болмай қалғанның өзінде келесі жылы қосылып аударылады.
Ол ата-аналар екі жерден тексере алатынын атап өтті. Олар: электронды үкімет порталы және Бірыңғай жинақтаушы қорының порталы.
"Мәселен, БЖЗҚ-да ол жеке сәйкестендіру нөмірін теру арқылы көрінетін болса, электронды үкімет порталында әрбір ата-ананың жеке кабинетінде көрініп тұрады. Қазіргі кезде проактивті қызметтің түрі бар. Онда ата-ананың бүкіл балалары, олардың қандай мектепке баратыны, балабақшадағы кезегі, денсаулығы жайлы бүкіл ақпарат шоғырландырылған. Соның ішінде қосымша Ұлттық қордан жасалатын төлеу туралы мәлімет те болады. Бұл интеграция қазір көзделген. Жаңа жылдан бастап көруге, тексеруге болады", - деді Арынғазин.
Жасұлан Ордабаев
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget.kz