Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өкілдері "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасында қаржы қалай есептелетінін, қандай жағдайда мұраға қалдыратынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
БЖЗҚ мәліметінше, биыл 1 қаңтардан бастап Қазақстан азаматы саналатын барлық балаға жыл сайын Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50 пайызы есептеледі. Табыс 18 жыл бойынша есептеледі. Есепті жылы барлық бала ақшаны бірдей мөлшерде алады.
БАҚ-та жарияланған мәліметке сәйкес бұл - шамамен 3500 доллар. Ақшаны мерзімінен бұрын алуға болмайды.
Сонымен қатар, балаларға есепті жылға дейінгі жылдары есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында инвестициялана береді. Осылайша, оларға қосымша инвестициялық кіріс есептеледі.
Балалар 18 жасқа толғанға дейін нысаналы талаптар мерзімінен бұрын алу құқығынсыз есептеледі. Балалар 18 жасқа толған жылы нысаналы талаптар нысаналы жинақтау шотына есептеледі және 18 жасқа толғаннан кейін кәмелетке толғандар жинақты 2 мақсатқа - тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе білім алуға жұмсай алады.
Нысаналы талаптарға қатысушы немесе БЖЗҚ-да нысаналы жинағы бар адам қайтыс болған жағдайда бұл нысаналы жинақ Қазақстан заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.
Балалардың заңды өкілдері не істеуі керек?
Егер балада:
Еске салайық, бұған дейін 2024 жылы Ұлттық қордан қанша бала төлем алатыны хабарланды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз