Ұлттық қордан алынатын қаражат түсімдерден артық – Ұлттық банк

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Ұлттық қорға түсімдер мен алынатын қаражаттың теңгерімін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сүлейменовтің мәліметінше, Ұлттық қордан алынатын қаражат түсімдерден артық болғандықтан, теңгерім әлі де теріс күйде қалып отыр.

"Ұлттық қорға түсімдер мен алынатын қаражаттың теңгерімі теріс күйде қалып, алынатын қаражат түсімдерден асып түсіп отыр. Мұндай жағдайда Ұлттық қордағы қаражаттың өсуіне ықпал ететін жалғыз фактор - инвестициялық кіріс", - деді Сүлейменов Мәжілістің пленарлық отырысында.

Ұлттық банк басшысы атап өткендей, биылғы жылдың 9 айында инвестициялық кіріс 10,27 пайызды немесе 6,16 миллиард теңгені құрады.

"Осы инвестициялық кірістің арқасында жыл басынан бері Ұлттық қор активтері 4,5 пайызға өсіп, 62,7 миллиард долларға жетті. Биыл Ұлттық қордан тікелей трансферттер көлемі 5,6 триллион теңгені құрады. Ұқсас деңгей келесі жылдың бюджетінде де қарастырылған," - деп қосты Ұлттық банк басшысы.

Айта кетейік, 4-қыркүйек Парламент Мәжілісінде "2025–2027 жылдарға арналған Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт туралы" және "2025–2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобалары таныстырылды. Бұған дейін республикалық бюджет кірістерінің азаюына не себеп деген сұраққа Қаржы министрлігі жауап берген болатын.  Сондай-ақ бюджет саясатына қатысты жыл соңына дейін жаңа Кодекс қабылданады.  

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!