Үкімет экономикадағы негізгі капиталға салынатын инвестицияны 25-40%-ға дейін ұлғайтуы тиіс, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін Мәжілістегі "2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын қарау кезінде Мәжіліс депутаты Айдарбек Ходжаназаров мемлекеттің экономикаға шамадан тыс араласуы басты проблема екенін атады.
"Егер санмен айтсақ, мемлекет экономикадағы 30 сектордың 20-ына белсенді түрде араласып отыр. Бұл қарайған жұмыстың нәтижелі болуын, халықтың табысының өсуін кәдімгідей тежеп отыр. Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы елдерінде бұл көрсеткіш орташа есеппен 13 секторды құрайды. Бұған қоса, бизнес дамуы үшін негіз болуы тиіс еркін экономикалық аймақтардың инфрақұрылымы дамымаған. 14 аймақтың тек төртеуін алға тартып айтуға болады. Оның өзінде де салыстырмалы түрде. Еркін экономикалық аймақтарға қарайтын инфрақұрылымның аяқталуы 70%-дан сәл асып жығылады", - деді ол.
Оның айтуынша, Ұлттық қордағы қаражатқа бардым-келдім қарайтын заман өтті.
"Біздің алдымызда нақты стратегиялық бағыт бар - ол қор қаржысын тек қана инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жобаларға ашық және жауапты пайдалануды қамтамасыз ету қажет", - деді депутаттық сауалында.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!