Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордың ақшасы шетелдік қаржы институттарына жұмсалмау керек екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет қаржысының тұрақтылығын қамтамасыз етудің бірден-бір жолы – көрпеге қарай көсілу. Сондықтан бюджет қаражатын стратегиялық маңызы жоқ, аса шұғыл емес шаруаларға оңды-солды шашуды доғару керек. Ұлттық қор бірінші кезекте мемлекет мүддесі үшін жұмсалып, стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыру мақсатында пайдаланылуы керек. Ұлттық қор шетелдік қаржы институттарына қызмет етпеуі керек", - деп мәлімдеді Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс Төрағасы Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойған еді.
Отырыс Астанада өтіп жатыр.
Қыркүйек айында Қазақстанда жаңа саяси маусым басталады. Қалыптасқан дәстүр бойынша, ол Президенттің Жолдауынан басталады. Кейінгі екі жылда Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа 1 қыркүйекте үндеу жасаған болатын.
Жаңа саяси маусым: Президент Жолдауы несімен маңызды?
Сарапшылардан Президенттің Жолдаудағы тапсырмаларының қалай орындалып жатқанын және бұл құжаттың мемлекеттік аппарат үшін неге аса маңызды екенін сұраған едік.
Еске салайық, Президент 2023 жылы 1 қыркүйекте Жолдау жасаған болатын. Жолдауда маңызды мәселелер көтеріліп, бірнеше тапсырма берілді. Оның ішінде:
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!