Павлодар облысында Ұлттық қор қаражаты ұрланғаны анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Павлодар ауданындағы нақты сектордың экономика бөлімінің басшысы лауазымын асыра пайдаланған. Бұл әлеуметтік нысан салу кезінде жасалған.
"Ауыл - ел бесігі" мемлекеттік бағдарламасы аясында Ұлттық қордан бөлінген қаражат есебінен Кемеңгер ауылында спорт-сауықтыру кешені салынған, оның құны - 382 млн теңге. Бюджет қаражаты жұмсалуын тексеру барысында мердігерге орындалмаған жұмыстар үшін 158 млн теңге төленгені анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Аудан прокуратурасы материалдарды Қылмыстық кодекстің 361-бабы бойынша тіркеді, алдын ала тергеуді сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент жүргізген.
Павлодар облысының аралық сотының үкімімен бұрынғы шенді 3 жылға бас бостандығынан айырылды, енді өмір бойы мемлекеттік қызмет атқара алмайды. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова