- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұлттық қор балаларға:...
Ұлттық қор балаларға: Тоқаев жарлыққа қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қорды балаларға табыстың бір бөлігін аударуға міндеттейтін жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тоқаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржыны басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" 2022 жылғы 10 қыркүйектегі №1005 жарлыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жарлыққа қол қойды.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нысаналы талаптардың төлемдері түрінде және нысаналы жинақтардың аударымдары мен төлемдеріне байланысты банктің көрсететін қызметтеріне ақы төлеу бойынша шығыстарды жабуға пайдаланылады. Нысаналы талаптар деп Үкіметтің он сегіз жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары алдындағы міндеттемелері түсініледі, ол есепті жылдың алдындағы он сегіз жыл үшін орташа алынған ҚРҰҚ-ның инвестициялық кірісінің және есепті жылдың алдындағы он сегіз жыл үшін орташа алынған, жыл сайын осы сомаға есепке жазылатын инвестициялық кірістің елу пайызы есебінен жыл сайын қалыптастырылады.
Ұлттық қордың активтерін сенімгерлік басқару ісін Ұлттық банк жүзеге асырады, Ұлттық қорды пайдалану мәселелері бойынша Президентке Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес жәрдем көрсетеді және ұсынымдар әзірлейді.
Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова