“Ұлттық қор - балаларға“: қанша адам жинағын пайдаланғаны белгілі болды

“Ұлттық қор - балаларға“: қанша адам жинағын пайдаланғаны белгілі болды
Фото: depositphotos.com

2024 жылы "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы аясында қанша адам нысаналы жинағын пайдаланғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Биылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Ұлттық қордан алғашқы қаражат есептелген сәттен бастап БЖЗҚ АҚ шамамен 5,32 млн АҚШ долларына 53 001 өтінішті орындаған, яғни өтініш берушілердің банк шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға жіберілген.

"Соның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 2,96 млннан аса АҚШ долларына 29 542 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 2,35 млннан аса АҚШ долларына 23 459 өтініш қанағаттандырылды", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, нысаналы жинақты алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін ғана пайдалануға құқылы, пайдаланылмаған сома нысаналы жинақтау шотында қалады.

Еске салайық, 2023 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қорды балаларға табыстың бір бөлігін аударуға міндеттейтінЖарлыққа қол қойған болатын. 

Бұған дейін 2025 жылдың үлесі қаншалық өзгеретіні белгілі болды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова