"Ұлттық қор - балаларға": 304,8 мың қазақстандық тиісті төлемді алды

"Ұлттық қор - балаларға": 304,8 мың қазақстандық тиісті төлемді алды
Фото: jcomp / Freepik

Қаржы министрі Мәди Такиев биыл "Ұлттық қор – балаларға" жобасы аясында 18 жасқа толған 304,8 мың қазақстандық тиісті төлемді алғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жоба аясында 6,9 млн балаға 100,52 доллар аударылды. Ұлттық қордың табысы 1,3 млрд доллар болды. Оның 695 млн доллары қайта бөлінді. 2024 жылы 304 мың 815 бала 18 жасқа толды. 1 наурызда 30 млн 640 мың доллар бөлініп, оларға тиісті ақшасын алды. Ұлттық қордың кірістілігі қалай өссе, балаларға төленетін төлемдер де өседі.

Мемлекет басшысы (Ұлттық қордағы ақшаны) 100 млрд долларға жеткізу туралы тапсырма берген. (Қаржы осы сомаға жетсе) пайыздар әлдеқайда жоғары болады. Бүгінде (Ұлттық қорда) 60 млрд доллар бар", - деді Мәди Такиев Үкімет отырысынан соң.

Аяз Есен

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz