- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ұлттық қор -...
"Ұлттық қор - балаларға". 18 жасқа толғаннан кейін әр баланың шотында қанша ақша болатыны айтылды
Президент Жолдауындағы жаңа "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы аясында 18 жасқа толғаннан кейін әр баланың шотында қанша ақша болатыны айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook-парақшасында "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы аясында 18 жасқа толғаннан кейін әр баланың шотында қанша ақша болатынын айтты.
"Президенттің бастамасымен Балалар жылы аясында "Ұлттық қор - балаларға" атты жаңа бағдарлама іске қосылады. 2024 жылдан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестиция табысының 50 пайызы балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударылады.
Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалады. Үкімет пен Ұлттық банктің есебі бойынша, елімізде жыл сайын 400 мың сәби дүниеге келеді. Әр бала 18 жасқа толғанша олардың есепшотында кемі 3 мың АҚШ долларына тең қаражат жиналады", - делінген жазбасында.
Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Балалар жылы аясында "Ұлттық қор - балаларға" жаңа бағдарламасын бастауды тапсырған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек