- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұлттық қауіпсіздік комитетінің...
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тұңғыш басшысы өмірден өтті
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тұңғыш басшысы Болат Баекенов өмірден өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Мемлекеттік күзет қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның хабарына қарағанда, бүгін еліміздің арнаулы мемлекеттік органдарының ардагері, генерал-лейтенант Болат Баекенов ұзаққа созылған науқастан қайтыс болды.
Болат Баекенов әр жылдары Ұлттық қауіпсіздік комитетін, Ішкі істер министрлігін басқарды, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болды.
1997-2001 жылдары генерал-лейтенант Болат Баекенов ҚР Президенті күзет қызметінің бастығы болды және оның дамуына үлкен үлес қосты.
"ҚР Мемлекеттік күзет қызметі генерал-лейтенант Болат Баекеновтің қайтыс болуына байланысты оның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Болат Әбдірахманұлының жаны жәннатта болып, нұры пейіште шалқысын. Қазаның арты қайырлы болсын", - делінген Мемлекеттік күзет қызметінің көңіл айту хатында.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан