Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы қызметінен босатылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев қызметінен босатылды, деп хабарлайды Massaget.kz. 

  • 1994–2006 жылдары Ермек Сағымбаев ұлттық қауіпсіздік органдарында офицерлік лауазымдарда қызмет атқарды.
  • 2006 жылдан 2019 жылға дейін Президенттің Күзет қызметінде офицерлік және басшылық лауазымдарда қызмет етті.
  • 2019–2021 жылдары Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Президенттің Күзет қызметінің бастығы қызметін атқарды.
  • 2021 жылдан 2022 жылға дейін Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндетін атқарушы, кейін осы қызметтің бастығы болды.
  • 2022 жылғы қаңтарда ҰҚК төрағасы болып тағайындалды. Сол жылдың қарашасында осы лауазымға қайта тағайындалды.

Бұл қызметке Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Ғатаұллаұлы Ирменов тағайындалды.