- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұлттық қауіпсіздік комитетінің...
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа басшысы тағайындалды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа басшысы тағайындалды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басшылық құрамға комитеттің жаңа төрағасы Владимир Жұмақановтың кандидатурасын таныстырды.
- Ол - кадрлық қызметкер, сіздермен бірге көп жылдан бері жұмыс істеп келеді. Істің жайымен, комитеттің қызметімен жақсы таныс. Мен оған сенемін, сондықтан да оны таңдадым. Алдына қойылған міндеттерді орындайды деп үміттенемін, - деді Мемлекет басшысы.
Жұмақанов жаңа лауазымына кандидатурасы Парламент Сенатымен келісілгеннен кейін тағайындалады. Нұрсұлтан Назарбаев комитет конституциялық құрылымды қорғап, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндіктен, оған зор жауапкершілік жүктелгенін атап айтты. Кездесу қорытындысы бойына Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
Жұмақанов 2007 жылдан бері Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасының орынбасары қызметінде болды. 2010 жылдан бастап ҚР ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары болып келді.
Елбасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінде оның төрағасы Нұртай Әбіқаевты зейнет жасына жетуіне және басқа жұмысқа ауысуына байланысты лауазымынан босату туралы шешім қабылдағанын айтты. "Ол менің қасымда ұзақ уақыттан бері жұмыс істеп, қойылған міндеттерді тиянақты орындап келеді. Сондықтан Мемлекет басшысы ретінде оған алғыс білдіремін", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Дереккөз: tengrinews.kz
О. Сансызбай