Биыл Ұлттық қауіпсіздік комитеті екі шабуылдың алдын алды. Олар Астанада және Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жоспарланған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҰҚК төрағасының орынбасары Руслан Сейсембаев Қазақстанда жыл сайын кем дегенде екі шабуылдың алдын алынатынын айтты.
"Биылдың өзінде ғана Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде дайындықтың бастапқы кезеңінде болған, қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны жарудың, сондай-ақ, Астанада жұрт көп жиналатын орындардағы қарулы шабуылдың жолы кесілді", - деді ол Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының 40-кеңесінің ашылуында.
Еске салайық, бұған дейін ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті бірінші басқармасының бастығы Алмаз Талқанбаев терроризм актісі туралы жалған хабарламалар бюджетке қанша шығын әкелетінін айтқан еді.
Терроризм бабымен 10 жылға сотталған әйел бір кездері қалай жат ағымға еріп кеткенін айтты
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз