Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астана тұрғындарына ескерту жасады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астана тұрғындарына ескерту жасады
Фото: gov.kz

Астана тұрғындарына лаңкестікке қарсы жаттығулар өтетіні туралы ескерту жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2024 жылғы 29-30 наурызда Астанада адамдар көп жиналатын объектілерде терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізуді жоспарлап отыр.

"Іс-шара шеңберінде ҰҚК арнаулы мақсаттағы бөлімшелерінің дағдылары мен тактикалық іс-қимылдарын қалалық жағдайларда пысықтау көзделеді", - делінген хабарламада.
 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан