Әлеуметтік желілерде Ұлттық қауіпсіздік комитеті WhatsApp-та адамдардың хаттарын "қалай бақылайтыны көрсетілген" видео тарады. Алайда бұл жалған ақпарат, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Видеода мониторлар көрсетілген, ол хабарлар көрінетін бірнеше терезеге бөлінген. Бұл видеоның Қазақстанға еш қатысы жоқ. Бұл видео әлеуметтік желілерде 2023 жылғы қазанның соңында тарала бастады. Сондай-ақ, оны Өзбекстан мен Дағыстанда да желі қолданушылары жаппай таратқан. Олар, осылайша, билік Telegram немесе WhatsApp мессенджерлерде хабарламаларды қадағалайтыны туралы айтады.
@assan101777 Следите за своими переписками?#ватсапп #слежка #переписка ♬ Car Bass Collapse - Ganger Baster
Видеоның сапасы төмен, сонда да кадрдан мессенджер интерфейсінің Telegram-ға да, WhatsApp-қа да ұқсамайтынын көруге болады. Экранда көрсетілген дүние қытайлық WeChat мессенджеріндегі жарнама спам хабарламаларды жаппай таратуға ұқсайды. Демек, видеода айтылған Ұлттық қауіпсіздік комитеті WhatsApp-тағы хаттарды қадағалайтыны туралы мәлімдеме жалған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!