- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұлттық қауіпсіздік комитеті...
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2023 жылы екі террорлық әрекеттің алдын алған
Ұлттық қауіпсіздік комитеті бөлімшелері 2023 жылы елімізде екі террорлық әрекеттің алдын алды. Бұл туралы комитеттің төрағасы Ермек Сағымбаев Президентке айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қасым-Жомарт Тоқаевқа былтыр ҰҚК бөлімшелері елімізде екі террорлық әрекеттің және шетелдің арнаулы қызметтерімен бірге өзге мемлекеттердің аумағында үш лаңкестік акцияның алдын алғаны жөнінде баяндалды. Лаңкестік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін 43 адам сотталды. Жыл бойы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің үйлестіруімен терроризмге қарсы 208 командалық-штабтық және 196 жедел-тактикалық оқу-жаттығу жиыны өткен", - делінген Ақорда таратқан хабарламада.
Ермек Сағымбаев экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жиі кездесетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарының нәтижесі жөнінде айтты.
Қабылданған шаралар нәтижесінде жалпы 1,5 триллион теңгеден астам қаржы түскен, соның ішінде мемлекеттік бюджетке қайтару бастамасы аясында 680 миллиард теңгеден аса қаржы қайтарылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан