Желі қоданушысы Қазақстан мен Моңғолия паспортын салыстырды. Ол Қазақстан паспортында ұлттық идеологияны насихаттайтын ештеңе жоғын айтып сынады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видео Qazaqgrammar парақшасында пайда болды.
"Ашатын болсаңыз (Қазақстан паспортын-еск.) түсініксіз оюлар, түк те жоқ. Ұлттық идеологияны дәріптейтін еш бір нәрсе жоқ. Ал Моңғолияны қараңыз: сыртында моңғол жазуымен, төл әріптерімен жазылып тұр. Ішін ашатын болсақ бірінші бетінде Шыңғыс хан, төл әріптерімен жазу тұр. Артында олар сұңқарды қадірлейтіндіктен сұңқар тұр", - дейді видео авторы.
Сонымен қатар, Моңғолия құжатының ішінде ұлттық киіммен жүрген қыздар мен ер адамдар, моңғол аспаптарының суреті тұр.
"Қай бетін ашсаң да ұлттық идеологияны дәріптеулі тұр. Табиғаты, моңғолдың сиыры, елін жарнамалау. Ұлттық идеология осындай кішкентай нәрселерден басталады", - дейді видео авторы.
Желі қолданушылары видео авторын қолдаса, енді бірі қарсы шыққан.
"Енді Моңғолдар сурет салыпты деп біз салмайтын шығармыз. Ол ел аралауға арналған құжат қой, сурет салып, оның ішін альбом сияқты тамашалап отыруға арналған емес. Өзгелермен салыстыра бермей, барымызды бағалайықшы. Әрмен қарай дамудың басқа себептерін қарастырайық. Не әңгіме ол базардағы шалдарға ұқсап, болмашыны әңгіме қылып"
"Шетелде жүргенде сені нағыз идентификациялайтын зат бұл паспорт. Елестетіп көріңізші, алыс шетелде үлкен әуежайда, рейске кезекте Қазақстан азаматы орыс тұр. Неше түрлі елдің азаматтарын көреді кезекте. Сосын өз паспортын ашып қарайды қызығып, ал ішінде жайлау, қазақи аспаптар, наурыз бейнеленген, бозжыра, шатқалдар, киіз үйлер, алтын адам. Сонда ол Қазақстаннан екеніне оның өзіне қатты әсер етеді. Өзін қазақпын деп санай бастайды. Ал шетелде жүргенде өзін идентификациялау әсіресе өзекті болады. Үнемі сол туралы ойлап жүресің"
"Әңгіменің парқына бармапты комменттегі көп адам, әңгіме дизайн жайында емес, шет елге мақтануда емес. Әңгіме Қазақтың өзіне қазақилықты әдемілеп тұрып пропоганда жасамауында және соны айтып тұр. Елімізде Қазақи болу ұят арланатын нарсе болып кеткен қазақша тақия киуге ұялад 90 пайыз қазақтар, қазақилық емес орыс болу трендте, орысша сөйлесең "элита", орысша сөйлемесең жұмысқа алмайд тіпті керек болса, соның бәрі қазақилық дұрыс пропоганда жасалмағаннан ұлттық идеология дұрыс жеткізілмегеннен, бұл ағамыз әшин паспортпенде әдемілеп тұрып ұлтыңа біраз нарсені дұрыс пропоганда жасауға болатынын айтып тұр"
"Паспорт сурет альбомы емес қой, ол суреттеріңді кім қарайды?"
"Қазақстандыкы өте әдемі көрініп тұр! Ілік іздей бермеңдерші!" - дейді Желі қолданушылары.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!