Алдағы жылда теңге күшейе ме, әлде құлдырай ма? Бұл сұраққа Үкіметтің баспасөз орталығында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровқа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Біз үш жылдық бюджетті бекіткенде ұлттық валюта құнын 460 теңге (долларға шаққанда) болады деп болжадық. Жалпы оның құны тұрақты болады деп болжаймын, - дейді Қуантыров.
Министр "әлемдегі геосаяси жағдай мен санкция теңгені әлсіретпей ме?" деген сұраққа былай дейді:
Былтыр геосаяси жағдай пайда болғанда біз бюджетке "корректировка" жасадық. Себебі макроэкономикалық сыртқы факторлар бізге әсер етті. Сол себепті бюджетке тиісті өзгерістерді жасадық. Содан кейін әлеуметтік-экономикалық даму бойынша бес жылға арналған болжамдарға тиісті өзгерістерді енгіздік. Әрқашан ондай құқығымыз бар. Керек болса, біздің резервтеріміз бар, - дейді ведомство басшысы.
Жасұлан Ордабаев
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!