Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров лауазымынан босатылды

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров лауазымынан босатылды
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Нұрлан Байбазаров 2024 жылы 6 ақпанда Премьер-Министрдің орынбасары - Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.

Нұрлан Серікұлы Байбазаров 1975 жылы 10 қазанда дүниеге келген.

Ол 1997-2003 жылдары ҚР Қаржы министрлігінде жұмыс істеді.

2004 жылдан 2011 жылға дейін жобаларға агенттік қызмет көрсету басқармасының бастығы, инвестициялық жобалар жөніндегі басқарушы директор, корпоративтік даму департаментінің директоры, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ Корпоративтік хатшысы лауазымдарын атқарды.

2013 жылдан 2016 жылға дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаментін басқарды. Бұдан басқа, әр жылдары "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ, "ҚазМұнайГаз Консалтинг" АҚ, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-да жұмыс істеді.  

2016 жылдан бастап 2022 жылдың қарашасына дейін "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі және Басқарма төрағасы болды.

2022 жылдың қараша айынан 2023 жылдың қазан айына дейін "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ Басқарма төрағасы болды.

"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ жалғыз акционерінің 2023 жылғы 5 қазандағы шешімімен Холдингтің Басқарма Төрағасы қызметіне тағайындалды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жапатова