Ұлттық банк төрағасының орынбасары Қуат Қожахметов доллар бағамына қатысты пікір білдіруден бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. KASE күндізгі сессиясында доллар бағамы 286,26 теңгеге жетті.
Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысы белгіленген уақыттан 20 минут ерте басталды және журналистердің қатысуынсыз өтті. Отырыс аяқталғаннан кейін журналистер Ұлттық банк төрағасының орынбасары Қуат Қожахметовке сұрақ қоюға тырысты.
Tengrinews.kz тілшісінің қазіргі бағамға қатысты пікір білдіру туралы өтінішіне ол: "Жоқ, комментарий жоқ", – деп жауап берді.
Ал "Қазір доллар бағамы не болып жатыр?" деген сұраққа ол: "Бұған комментарий нақты жоқ. Жаңа төраға шығады, комментарий болады", – деп жауап берді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қожахметов қазақстандықтардың доллар бағамына айрықша назар аударуының себебін түсінбейтінін айтқан еді.