Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Ұлттық банк 9-20-25 бағдарламасын қаржыландырмайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұлттық банк басшысы ең алдымен бағдарлама бойынша көмекті кім алатынын айқындап алу керегін айтты. Сүлейменовтің сөзінше, 9-20-25 бағдарламасына Ұлттық банк пен Ұлттық қордың қаражаты жұмсалмайды, оны Үкімет қаржыландырады.
"Егер кім көрінген алса, яғни өтінімді бірінші бергендер берсе, бір бөлек. Халықтың аз қамтылған тобы алса, бір бөлек. Мен екінші топқа көбірек көңіл бөлер едім. Халықтың баспанаға мұқтаж тобын айқындап алып, қаражатты соларға бөлген жөн дер едім. Үкімет біздің ресурссыз бағдарламаны өзі іске асырып жатқаннан кейін өз ойымызды айтқан жоқпыз," - деді Тимур Сүлейменов.
Еске салайық, бұған дейін премьер-министр Әлихан Смайылов келесі жылы "9-20-25" бағдарламасын іске қосу жоспарланып отырғанын, нәтижесінде 8 мың отбасы баспаналы болатынын мәлімдегені хабарланды.
Жасұлан Ордабаев
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!