Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 16 қыркүйектен бастап ішкі валюта нарығындағы ахуалды тұрақтандыру мақсатында валюталық өктемдік жүргізуге шешім қабылдады.
Теңгенің айырбастау бағамы іргелі ішкі және сыртқы макроэкономикалық факторлар негізінде қалыптастырылғандығы бірнеше рет мәлімделді. Бұл ретте Ұлттық банк теңгенің айырбастау бағамының нарықтық деңгейінің қалыптасуына араласпайды, бірақ елдің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету қажет болған жағдайда, валюталық өктемдіктерді жүргізу жолымен ішкі валюта нарығына қатысуға мүмкіндігі бар.
"Валюта нарығына қатысушылардың алыпсатарлық операциялары себепші болған теңгенің айырбастау бағамының құбылмалылығының өсуіне байланысты, іргелі макроэкономикалық факторлардың объективті және елеулі өзгеруінің болмауы жағдайында Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 16 қыркүйектен бастап ішкі валюта нарығындағы ахуалды тұрақтандыру мақсатында валюталық өктемдік жүргізуге шешім қабылдады. Ұлттық банктің валюталық өктемдігінің көлемі биыл 16 қыркүйекте 144 миллион долларды құрады", - деп хабарлады Ұлттық банктегілер.
Дереккөз: Tengrinews.kz