Ұлттық банк “сүйкімді“ монетаны айналымға шығарады

Ұлттық Банк SHAŃYRAǴYŃYZ SHATTYQQA TOLSYN коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Монеталар 2024 жылғы 3 қазаннан бастап ҚҰБ-тың интернет-дүкені арқылы сатылады.

SHAŃYRAǴYŃYZ SHATTYQQA TOLSYN коллекциялық монеталары туралы

SHAŃYRAǴYŃYZ SHATTYQQA TOLSYN монетасы – әлемде бейбітшілік орнасын, әр отбасына береке келсін деген идеяны насихаттайды. "Шаңырағыңыз шаттыққа толсын" –  бейбіт заманда тату-тәтті өмір сүр, әр отбасында тыныштық болсын, жылулық ұяласын деп күллі адамзатқа айтылған ізгі тілек.  

Монеталар күмістен жасалған. Сынамасы – 925/1000. Монета массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, номиналы – 1 000 теңгелік, таралымы – 2 000 дана.

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдауға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.

Коллекциялық монеталар Қазақстанның теңге сарайында дайындалды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!