Республикалық бюджет пен Ұлттық қор туралы заңнамаға сәйкес, қордан алынатын кепілдендірілген трансфет көлемі нақты белгіленеді. Осылайша Үкімет пен Ұлттық банк қордан алынатын нысаналы трансферт көлемін заң аясында шектейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Нысаналы трансфетті кез келген жобаға бөле беруге болмайды. Бұл әлеуметтік-экономкалық әсері үлкен, ұлттық деңгейдегі жоба болуы шарт. Қаржы және Ұлттық экономика министрлігімен осы бюджет ережелерінің кепілдендірілген трансфертке ғана емес, Ұлттық қордан алынатын бүкіл қаржыға қатысты қолдану туралы мәселені талқылап, келісімге келдік", – деді ҰБ басшысы.
Енді қаржыны кез келген дағдарыстық жағдайда алуды шектейтін бюджет ережесі нысаналы да, кепілдендірілген де трансфеттерге қолданылады. Әзірге нақты шегі белгіленбеген. Төрағаның мәліметінше, нысаналы трансферт шегі қаңтар айының соңына дейін анықталады. Республикалық бюджет тапшылығына байланысты Үкімет Ұлттық қордан 5,3 трлн теңге қаржы алуды жоспарлап отыр. Оның 2 трлн теңгесі кепілдендірілген трансферт болсан, 3,3 трлн теңгесі – нысаналы трансферт болмақ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Бақдаулет