- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұлттық банк өкілі...
Ұлттық банк өкілі теңгенің жай-күйіне қатысты пікір білдірді
Ұлттық банктің теңгенің тіркелген бағамына көшу мәселесіне қатысты ұстанымы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекованың айтуынша, бұрынғы тәжірибе көрсеткендей, тіркелген бағам саясаты қысқа мерзімді тұрақтылық елесін қалыптастырады.
"Оны ұзақ уақыт бойы жасанды жолмен ұстап тұру алтын валюта резервтерін жұмсау есебінен ғана мүмкін. Нәтижесінде бұл ұлттық валюта бағамын девальвациялау қажеттілігіне алып келеді", - деді ҰБ өкілі.
Теңгенің еркін өзгермелі бағамы сыртқы ортаның өзгерістеріне бірден ден қоюға мүмкіндік береді.
С. Сатыбалдина"Бұл экономикадағы теңгерімсіздіктердің жинақталуын болдырмайды, сондай-ақ елдің алтынвалюта резервтерінің сақталуына ықпал етеді. Сондықтан Ұлттық банк тіркелген бағамға көшу мәселесін қарастырмайды", - деді Молдабекова.