- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұлттық банк мемлекеттік...
Ұлттық банк мемлекеттік зейнетақы қорынан 1 триллион теңге қарыз алады
Қазақстанның Ұлттық банкі келесі жылы баяулаған экономикалық өсімді қолдау мақсатында мемлекеттік зейнетақы қорынан 1 триллион теңге (3,6 миллиард доллар) алады.
“Мемлекеттік зейнетақы қорынан алынған 1 триллион теңгеден 400 миллиард теңге бюджет мұқтажына жұмсалатын болады”, — деп келтіреді Reuters Келімбетовтің сөздерін.
Қалған бөлігі түрлі жобаларды қаржыландыруға бағытталады, атап айтқанда, құрылысқа жұмсалады және ол соның ішінде банктік несиелендіру арқылы жүзеге асырылады. Ұлттық банк басшысының айтуынша, Англия банкінің “funding for lending” бағдарламасына ұқсас сызба пайдаланылатын болады.
Қазақстан Ұлттық банкі теңге бағамы үш-бес айда тұрақтанады деп күтуде және 1 АҚШ долларына теңге бағамы 250-270 теңге деңгейінде “тиімді” деп есептейді деді Келімбетов.
Келімбетов теңгенің бұдан әрі қарай әлсіреуі баға тұрақтылығына және банк секторы капиталының жеткіліктілік нормативтеріне қауіп төндіретінін де айтып өтті.
Дереккөзі: newskaz.kz
Ж. Өрісбай