Ұлттық банк Қазақстандағы базалық мөлшерлеме туралы шешімін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 15,75 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Мұндай шешімге келуге Ұлттық Банктің болжамдарды жаңартуы, деректерді талдауы және инфляция тәуекелдерінің балансын бағалауы негіз болды", - делінген жауапта.
Еске салайық, 6 қазанда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен жылдық 16 пайызға дейін төмендеткен болатын. Тамызда базалық мөлшерлеме жылдық 16,5 пайызға дейін төмендеді - бұл 2020 жылдан бері алғаш рет төмендеу болды. Бұған дейін базалық мөлшерлеме 16,75 пайыз болған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!