- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұлттық банк базалық...
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені тағы өсірді
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 16,75 пайызға дейін өсіру туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл шешімге геосаяси жағдай мен салдары, сондай-ақ, әлемде азық-түліктің жоғары бағалары, сыртқы ортаның факторлары негіз болды. Ішкі экономика тарапынан инфляцияның максимал болуы, сұраныс пен ұсыныстың теңгерімсіздігі, сондай-ақ, импорттың жедел өсуімен байланысты", - делінген хабарламада.
Көрсетілген факторлар ескеріле отырып, инфляцияның болжамы қайта қаралған. Базалық сценарийде биыл болжам бойынша жылдық инфляция 20-21 пайыз деңгейінде қалыптасады. Бағалау бойынша инфляцияның шарықтау шегі 2023 жылдың 1-тоқсанында болады деп болжанады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2023 жылғы 13 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 14:00-де жарияланады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек