Ұлттық банк базалық мөлшерлеме деңгейін бекітті

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме деңгейін бекітті
Фото: Tengrinews.kz

Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 15,25 пайыз деңгейінде белгіледі. Пайыздық дәліз - +/- 1,0 п.т.

Айта кетейік, бұған дейін де Ұлттық банк базалық мөлшерлемені +/- 1 пайыздық тармақпен жылдық 15,25 пайыз деп белгілеу туралы шешім қабылдады. Шешім жаңартылған болжамдар мен инфляция балансын ескере отырып қабылданған.

Анықтама: базалық мөлшерлеме - коммерциялық банктерге Ұлттық банк қысқамерзімді несиелер беретін және коммерциялық банктерден депозиттер қабылдайтын пайыздық мөлшерлеме.

Ол азаматтарға берілетін несиелер бойынша мөлшерлемелерді белгілеуде маңызды рөл атқарады, елдегі инфляция деңгейіне де әсер етеді. Қарапайым тілмен айтқанда, базалық мөлшерлеме - ел экономикасы мен банк секторы үшін негізгі бағыт.

Оның мөлшерін Ұлттық банк белгілейді: арттыруы немесе төмендетуі мүмкін. Сонымен қатар базалық мөлшерлеме - елдің ақша-несие саясатының негізгі құралы.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget