Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. жылдық 18,0% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады", - деп жазылған хабарламада.

Базалық мөлшерлеме деген не, ол неге әсер етеді?

Базалық мөлшерлеме - коммерциялық банктерге Ұлттық банк қысқа мерзімді несиелер беретін және коммерциялық банктерден депозиттер қабылдайтын пайыздық мөлшерлеме. Ол азаматтарға берілетін несиелер бойынша мөлшерлемені белгілеуде маңызды рөл атқарады, елдегі инфляция деңгейіне де әсер етеді.

Қарапайым тілмен айтқанда, базалық мөлшерлеме - ел экономикасы мен банк секторы үшін негізгі бағыт. Оның мөлшерін Ұлттық банк белгілейді: арттыруы немесе төмендетуі мүмкін. Сонымен қатар, базалық мөлшерлеме - елдің ақша-несие саясатының негізгі құралы.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget