Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. жылдық 18,0% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. 

Бұған дейін қандай болды?

Еске салайық, бұған дейін Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.

Базалық мөлшерлеме деген не, ол неге әсер етеді?

Базалық мөлшерлеме - коммерциялық банктерге Ұлттық банк қысқамерзімді несиелер беретін және коммерциялық банктерден депозиттер қабылдайтын пайыздық мөлшерлеме. Ол азаматтарға берілетін несиелер бойынша мөлшерлемені белгілеуде маңызды рөл атқарады, елдегі инфляция деңгейіне де әсер етеді.

Қарапайым тілмен айтқанда, базалық мөлшерлеме - ел экономикасы мен банк секторы үшін негізгі бағыт. Оның мөлшерін Ұлттық банк белгілейді: арттыруы немесе төмендетуі мүмкін. Сонымен қатар, базалық мөлшерлеме - елдің ақша-несие саясатының негізгі құралы.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget