Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,5 пайыз деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Бұл шешім болжамды раундтың нәтижелеріне негізделді. Оның аясында негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы жаңартылып, инфляция тәуекелдерінің балансы қайта бағаланды", - делінген хабарламада.


2025 жылы базалық мөлшерлеме қалай өзгерді?

Жыл басынан бері Ұлттық банк базалық мөлшерлеме мәселесін бесінші рет қарастырып отыр.

Алғашқы отырыс 17 қаңтарда өтті – онда мөлшерлеме өзгеріссіз 15,25 пайыз деңгейінде қалдырылды. 7 наурызда реттеуші базалық мөлшерлемені 16,5 пайызға көтерді.

 
11 сәуірде Ұлттық банк мөлшерлемені тағы да 16,5 пайыз деңгейінде сақтап қалды. 5 маусымда да осындай шешім қабылданды – мөлшерлеме бұрынғы деңгейінде, яғни 16,5 пайыз болып қалды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!