Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. жылдық 16,5% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.

Ұлттық банк мәліметінше, инфляциялық факторлардың қалыптасқан балансы, оның қазіргі қарқынды динамикасы, проинфляциялық үрдістер базалық мөлшерлемені қазіргідей деңгейде 2025 жылдың соңына дейін сақтауға айтарлықтай себеп болып отыр.

"Ақша-кредит саясаты комитеті қажет болған жағдайда базалық мөлшерлемені көтеру мүмкіндігін де жоққа шығармайды", - деп жазылған хабарламада.

Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 29 тамызда Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.

Базалық мөлшерлеме деген не?

Базалық мөлшерлеме - коммерциялық банктерге Ұлттық банк қысқамерзімді несиелер беретін және коммерциялық банктерден депозиттер қабылдайтын пайыздық мөлшерлеме. Ол азаматтарға берілетін несиелер бойынша мөлшерлемені белгілеуде маңызды рөл атқарады, елдегі инфляция деңгейіне де әсер етеді.

Қарапайым тілмен айтқанда, базалық мөлшерлеме - ел экономикасы мен банк секторы үшін негізгі бағыт. Оның мөлшерін Ұлттық банк белгілейді: арттыруы немесе төмендетуі мүмкін. Сонымен қатар, базалық мөлшерлеме - елдің ақша-несие саясатының негізгі құралы.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget