Ұлттық банк азаматтарға алаяқтарға байланысты үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұлттық банк мәліметінше, кейінгі кезде алаяқтар азаматтарды алдау үшін жаңа схемалар шығарып жатыр.
Алаяқтар қандай тәсілдер қолданады?
- Олар өздерін Ұлттық банк, полиция немесе медицина қызметкері ретінде таныстырып қоңырау шалады.
- "Ресми" сілтемелері немесе қосымшасы бар хаттар, SMS хабарламалар жібереді.
- Қашықтан басқаруға арналған қосымшалар, соның ішінде HopToDesk, RustDesk, AnyDesk және тағы басқаларын пайдалануы мүмкін.
Не білу қажет?
"Ұлттық банк халықпен есеп айырыспайды, азаматтарға қоңырау шалмайды, шот ашпайды және инвестиция ұсынбайды. Алаяқтарға тап болсаңыз, құқық қорғау органдарына жүгініңіз", - деп жазылған хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова