Мандариннің қай түрін сатып алған жөн? Кішісін немесе үлкенін? Қайсысы дәмдірек, пайдалырақ және арзанырақ? Mail.ru тілшісі анықтап көрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәмі
Мандариннің дәмді әрі шырынды болғаны, оның көлеміне емес, сұрыпы мен қалай піскеніне байланысты. Ең бастысы мандарин қатты пісіп кетпегені дұрыс.
Мысалы, кішірек келген мандарин тәтті болады, ал үлкенірек орташа көлемді мандарин керісінше қышқылдау. Алайда қазір дүкендерде көлемі едәуір үлкен бірақ тәтті мандариндер де кездеседі. Сондықтан мандарин таңдаған кезде оның көлеміне емес, сұрыпы мен шыққан еліне мән беріңіз.
Пайдасы
Мандарин - ағзаға қажет дәрумен мен талшықтардың тамаша қысқы көзінің бірі.
"Адамдар күнделікті өмірде ет және сүт өнімдерін, сондай-ақ қанттың шамадан тыс мөлшерін тұтынады. Осыған байланысты жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті, семіздік, деменцияның даму қаупі айтарлықтай артады. Кез келген аурудың алдын алу үшін жеміс, көкөніс және жасыл шөптерді жеу өте маңызды", - деді диетолог Алексей Кабанов.
Мандаринді десерт орнына жесеңіз, ол пайдалырақ болады.
Мандариннің сұрыпы көп, оның көлемі де әртүрлі. Мандариннің барлық дерлік түрінде пайдалы қасиет көп, себебі жалпы мандарин құрамында дәрумен С және талшық бар. Осы талшықтың арқасында жемістен алынған табиғи қант ағзада әлдеқайда жақсы сіңеді және ішек микрофлорасына зиян тигізбейді. Осы тұста мандариннің пайдасы көлеміне байланысты өзгермейтінін еске салғым келеді. Көлемі үлкен мандариндер Оңтүстік елдерден келетін болғандықтан, олар тәттірек. Ал кішкентай мандариндер қышқылырақ, шырынды болады. Қышқыл мандариннің құрамында қант аз болғандықтан, оны көбірек жеуге рұқсат етіледі. Қатты тәтті мандариндерді көп жемеген абзал", - деп түсіндірді маман.
Айта кетейік, бұған дейін күніне қанша мандарин жеуге болатыны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Сейфтизм деген не?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!