Танымал блогер, қазақстандық кәсіпкердің ұлы Димаш Әділет әлеуметтік желідегі парақшасында болашақ жарының қанша жаста болуы керек екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогерге оқырмандарының бірі "Болашақ жарыңыздың жасы қаншада болғанын қалайсыз?" деп сұрақ қойған. Ол бұл сұраққа жауап беріпн, әйелінің өзінен бірнеше жасқа кіші болғанын қалайтынын жазған.
"Бұл сұрақтың сындарлы жауабы бар, бірақ шын мәнінде жағдай басқаша. Егер маған таңдау берілсе, өзімнен 5-7 жасқа кіші болғаны дұрыс болар еді. Түсіндірейін. Егер екі жас құрдас болса, олар өмірдің бір кезеңінде және көптеген сәтте бір-бірін түсінеді. Сондай-ақ, қыз жасы ұлғайған сайын саналы тұлғаға айналады және өмірде не қалайтынын жақсы түсінеді, тіпті отбасылық өмірге дайын болуы да мүмкін. Екінші жағынан, қыз үлкейген сайын өмір тәжірибесі де артады, сәйкесінше, бұрынғы қарым-қатынасында сәтсіз тәжірибе болса, ол жаңа қарым-қатынасқа теріс әсер етуі мүмкін. Белгілі бір жасқа қарай қыз "өмірде бәрін көрді, бәрін біледі, барлық жерде болған" болуы мүмкін, бұл да жаңа қарым-қатынастағы жағымсыз сәт болуы мүмкін. Сондай-ақ, әдетте, қарым-қатынаста ер адам сәл үлкен немесе кем дегенде құрдас болса, бәрі жақсы болады.
Жалпы, егер мен болашақ әйелімді 21 жасымда кездестіргенімде, оның менімен жасты болып, өмірлік жолды бірге өткенімізді қалар едім. Ал қазір мен 29 жастамын, қазір басқаша ойлаймын. Осыдан бірнеше жыл бұрын маған 29 жасымда кездесетін болашақ әйелімді таңдау берілсе, мен өзімнен 5-7 жас кішісін таңдар едім. Өйткені мен оған қалай қарайтынымды білемін және оның сәтсіз тәжірибесі аз болғанын қалаймын. Ал шындығына келсек, біз болашақ жұбымызды таңдауға қауқарсыз, өйткені өмірдің әрқашан өз жоспары бар. Мысалы, менің бұған дейінгі барлық қарым-қатынасымда қыз менен үлкен болды", - деп жазды ол.
Тағы да оқи отырыңыздар: Неше жастан үйленуге болады?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!