- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Үлкен қателік жасағандай"....
"Үлкен қателік жасағандай". Тұрсынбек Қабатовтың әйелі ауызашар кезіндегі биін түсіндірді
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқан ауызашар кезіндегі биіне қатысты түсінік берді. Ол бұған түсінікпен қарауды өтінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Соншама бір үлкен қателік жасағандай шулатып жатырсыздар ма? Соны ерінбей, парақшаға жүктеп, соған арнайы текст жазып отыруға уақыттарыңызды қалай қиясыздар? "Жас кезіңде ойна да, күл" дейді. Ойна, күл, биле, рақаттан. Өмір ғажап. Ренжиін десең, ренжитін нәрсе толып жатыр. Бұл өмірде мұңаям десең, мұңаятын нәрсе толып жатыр. Біздің өміріміз әрдайым бимен, ойынмен, көтеріңкі көңіл-күймен өтіп жатқан жоқ. Бізде де проблема бар, бізде де қиын жағдайлар бар. Біз де жылаймыз, біз де мұңаямыз, бірақ Instagram-ға әдемі сәттерді ғана саламыз ғой. "Өміріміз үнемі ғажап" деп айтып тұрған жоқпыз. Түсіністікпен қараңыздар", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін ауызашар уақытында секіре билеген Мөлдір Мұқанды Желі қолданушылары сынаған еді.
Желі қолданушылары Тұрсынбек Қабатовтың әйелін сынап түрлі пікір қалдырған.
"Ерсі билеп жүр, ұят екен", "Мына қатынға не болған", "Оразада той болған несі?", "Ауызашар кезінде би кеші болып жатыр ма?", "Ауызашар уақытында не би мынау?", "Әй, халқым не болды сонша ғайбаттап, өзіне ұнаса билеп жүре берсін", - дейді пікір жазғандар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан