Әнші Сейфуллин Жолбарыс "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында бірінші отбасы туралы әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің сөзінше, бірінші әйелімен ортада екі баласы бар.
"Әркім өзі тағдырына түскенді көреді. Бұл да менің тағдырым есептеймін. Кеткен адамның артынан жаман сөз айтпа дейді. Бірінші жеңгелерің туралы анау-мынау әңгіме айтпаймын. Себебі бір қыз, бір ұлым бар. Сейфуллин екінші рет үйленді де қызы мен ұлына қарамай қойды деген әңгіме болған жоқ. Қызымды өзім шетелде оқыттым, баламды да өзім оқыттым. Балам ақырында бізбен бірге тұрды. Катя да балаларымнан бөлін деп айтқан емес. Үлкен жеңгелеріңмен қарым-қатынасымыз бітетін уақытқа жақындап қалған. Сондықтан болар Катяның жолығып, әке-шешеме ұнап кеткені, бұл да әсер етеді", - дейді әнші.
Сейфуллин Жолбарыс бірінші жұбайы қайта тұрмысқа шықпағанын жеткізді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!