"Үлкен жауапкершілік". Мәди Ахметов жаңа қызметіне тағайындалуына қатысты пікір білдірді

"Үлкен жауапкершілік". Мәди Ахметов жаңа қызметіне тағайындалуына қатысты пікір білдірді
Фото: instagram.com/madi_akhmet

Экс-мәжіліс депутаты Мәди Ахметов жаңа қызметке тағайындалуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қадірлі достар! Бүгіннен бастап Алматы облысы Жастар саясаты басқарма басшысы қызметіне кірістім. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік. Өз жұмысымда өңір жастарының әлеуметтенуіне, жан-жақты дамуына қолайы жағдай жасауға бар күшімді салатын боламын. Алда атқарар ортақ ісіміз баянды болсын!", - деп жазды Мәди Ахметов Instagram-дағы парақшасында.

Еске салайық, бұған дейін Мәди Ахметов Алматы облысы жастар саясаты мәселелер басқармасының басшысы лауазымына тағайындалғанын хабарлаған едік.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лес
Logotype Massaget