- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Үлкен жарнама тақтасы...
Үлкен жарнама тақтасы адамдарды басып қалды: видео
Үндістанның ең көп қоныстанған қаласы Мумбайда адамдардың үстіне үлкен жарнама тақтасы құлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
БАҚ мәліметінше, құрылым Гхаткопар ауданындағы шаңды дауыл мен нөсер кезінде құлады. Әлеуметтік желіде ТЖ видеосы пайда болды.
Just In I More than 100 people are likely trapped under the billboard that collapsed on a petrol station in Ghatkopar. 35 people who were injured have been taken to Rajawadi Hospital. Their condition is reported as stable. Videos sourced by @RajuShinde09 and@Journoyogesh pic.twitter.com/e8mexZOTBR
— HTMumbai (@HTMumbai) May 13, 2024
Қайтыс болғандар мен зардап шеккендердің нақты саны белгісіз. The Hindustan Times үш адам қайтыс болды деп хабарласа, IndiaTV төрт адам қайтыс болды деп мәлімдеді. Ал The Times Of India сегіз адамның өлімінің дерегін келтірді. Тағы 100-ге жуық адам құлаған қалқанның астында қалған болуы мүмкін.
Құлаған баннердің биіктігі шамамен 30 метр. Үндістан Президенті Драупади Мурму Twitter-де көңіл айтты.
Тағы да оқи отырыңыздар: 111 байланыс-орталығы кімдерге көмек көрсетеді?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә