13-15 қараша аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қатты жауын-шашын түсуіне байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ТЖМ көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.
ТЖМ таудағы қауіпсіздік ережелерін еске салады:
Бұл ретте ұзақ қашықтыққа гүрілдеген ағыны қар көшкіні мен селдің өмірге қауіп төндіретін үлкен салмақты тастардың ұшыратуы мүмкін екенін есте сақтаңыз.
Әрқашан есіңізде болсын, қар көшкіні мен сел ағынынан тек қашу арқылы құтылуға болады.
112 бірыңғай нөмірінен ескертулерді қадағалаңыз, қар көшкіні мен сел қаупі төнген жағдайда тауға баруды кейінге қалдырыңыз.
Осы шараларды қолдана отырып, сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтай аласыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!