Танымал актриса Лаура Мырзахмет "Мархабат" бағдарламасында "Бақыт" фильміндегі ашық сахнаға қатысты жолдасының көзқарасын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, жолдасы 3 күн ойланған.
"Бұл жерде үлкен бір мәселе болды. Басқа актрисалар бәріне келіседі де, тек ашық сахнасына келгенде келісім бермей жатты. Мен жолдасымның келісімін күттім. Ол 3 күн ойланып, рұқсатын берді. Мен режиссерлерге келісімді бергенімді айттым. Күйеуімнің өнерге қатысы жоқ, құрылыс саласында қызмет етеді. Ол киноны көрмеді. Кішкентайым тым кішкене болғандықтан соны қарап қалды. Бір жағы, достарым "көрмей-ақ қойшы" деп өтініш жасады. Кешегі уақытқа дейін "көрмедің бе" деп сұрадым. Алайда ол көрмегенін айтты", - деді ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз