Танымал әнші Наркенже Серікбаеваның әлеуметтік желіге жүктеген жаңа видеосы қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі 60 жасқа толған әйелдің туған күніне арнап ұйымдастырылған кешті әнімен бастап, туған күн иесін ортаға алып шыққан. Видеодан әйелдің ақ көйлек кигенін, ал айналасында биші қыздардың жүргенін байқауға болады. Ақ жаулықты ана алдымен жалғыз шығып, кейінірек отбасына қосылады.
Ал әншінің оқырмандары видеоның алғашқы минуттарына қарап, кадр ұзату тойда түсірілген деп түсінген көрінеді.
"Басында үлкен әйелді ұзатып жатыр ма деп қалғаным ше", "Ұзатып жатыр деп ойлап "күйеу жігіт қайда тұр" - деп аяғына дейін әзер шыдадым ғой!", "Немере, шалымен шыққанда әдемі болар еді", "Ақшам болса, мен де ата-анама осылай той істеп берер едім. Керемет!", "Басында ұзату той екен деп ойлап қалдым, қандай күшті", "Дауыс әдемі, шынымды айтсам, алдымен "күйеуге ұзатылып жатыр ма" деп түсінбедім, 60 жас болса әдемі кісі екен", "Ұзатылып жатыр ма деп қалыппын", - деп жазған Желі қолданушылары.
Тағы да оқи отырыңыздар: Бауыр онкологиясының белгілері
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!