Үлкен ауылы тұрғындары референдумға белсенді қатысып жатыр, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін Үлкен ауылдық округіндегі №332 референдум учаскесі жұмысын бастады. Таңертеңнен бастап ауылдың 150-ден астам тұрғыны дауыс беруге келіп, белсенділік танытты.
"Бүгінгі референдумның маңызы зор. Бұл – халықтың елдің болашағына қатысты шешімдерді өз қолына алатын сәті. Әрбір дауыс берушінің таңдауы маңызды. Өз таңдауымызбен біз мемлекетіміздің дамуына үлес қосамыз. Мені бүгінгі референдумға азаматтық борышым жетеледі. Біз өз болашағымызға немқұрайлы қарамауымыз керек", – деді ауыл тұрғыны Рахима Қайырбекова.
Жамбыл ауданында референдумға арналған 77 учаске жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта олардың барлығы сайлаушыларды қабылдап жатыр.
Айта кетейік, Алматыдан 4 сағаттық жолда Үлкен ауылы бар. Қазір бұл жер бәрінің аузында. Неге? Себебі мұнда Атом электр станциясы салынуы мүмкін. 1700 ғана адам тұратын бұл ауылдың көрінісі қандай?
Мұнда АЭС салынса, өмір қалай өзгереді? Тұрғындар бұл туралы не дейді? Неге бір кездері зор үміт күттірген ауыл "елес мекеніне" айналып бара жатыр? Massaget.kz тілшісі бұл мекенге арнайы барып қайтқан болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!