Үлкен Алматы өзеніне кәріз суы құйылған

Үлкен Алматы өзеніне кәріз суы құйылған
Фото: Видео кадры

Алматыдағы Дулати даңғылының тұрғындары Үлкен Алматы ластанып жатқанына шағымданды. Олардың айтуынша, өзенге кәріз суы құйылып, осылайша өзендегі фауна жойылып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жергілікті тұрғындар лас өзен көрінетін видеоны да жолдаған.

"Біреу кәріз суын жіберген, балық өліп, тұншығып жатыр. Су қап-қара, күлімсі иіс шығады", - дейді видео авторы.

Алматының Экология департаменті жағдайға пікір білдірді.

"Су сынамаларын алдық. Дулати 224 учаскесінде орталық кәріз құбыры жарылғаны анықталды. Қазір иесін анықтап жатырмыз", - деді департамент өкілі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget