- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Үлкен Алматы айналма...
Үлкен Алматы айналма автожолында жол жүру ақысы көтерілді
Фото:
Tengrinews.kz
2024 жылғы айлық есептік көрсеткішті индексациялауға байланысты 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Үлкен Алматы айналма автожолы (ҮАААЖ) бойынша жол жүру құнына өзгерістер енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Іле ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі жаңа тариф бойынша төлемақы құны көрсетілген кестесін жариялады.
Үлкен Алматы айналма автожолы бойымен жүріп өткен қашықтыққа қарамастан, бір сағаттық жол жүру құны:
- жеңіл автокөліктер – 0,07 АЕК (258,44 теңге);
- 16 жолаушыға арналған орындығы бар автобустар мен жүк көтергіші 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 0,08 АЕК (295,36 теңге);
- 32 жолаушы орындығы бар автобустар және жүк көтергіші 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 0,14 АЕК (516,88 теңге);
- 32-ден астам жолаушы орындығы бар автобустар мен жүк көтергіші 10 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 0,16 АЕК (590,72 теңге);
- жүк көтергіші 10 тонна жүк көліктері – 0,2 АЕК (738,40 теңге);
- жүк көтергіші 15 тонна жүк көліктері, оның ішінде тіркемелері бар ершікті тартқыш (седельный тягач) – 0,22 АЕК (812,24 теңге).
Үлкен Алматы айналма автожолы кесіп өтетін Қарасай, Іле және Талғар аудандарында тіркелген автокөлік иелері үшін абоненттік төлем қарастырылған.
Жаңа жылдан бастап 1 АЕК - 3 692 теңге. 2023 жылы 1 АЕК 3 450 теңге болған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан